Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
22 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түркістан: Дәрі-дәрмекті жоғары бағада және заңсыз жолмен сатуға тосқауыл қойылуда

Түркістан: Дәрі-дәрмекті жоғары бағада және заңсыз жолмен сатуға тосқауыл қойылуда

Түркістан: Дәрі-дәрмекті жоғары бағада және заңсыз жолмен сатуға тосқауыл қойылуда
ашық дереккөзі
 width=

20 шілде күні Түркістан. облысы прокуратурасымен құрылған жұмысшы топпенСарыағаш ауданында орналасқан кеден бекеті арқылы Өзбекстан Республикасына жалпы құны 3,6млн. теңге тұратын 56 қорапта (952 дана) «COVID-19» инфекциясына арналған тесттіні жүк көлігімен жасырын түрде алып өтпек болған Өзбекстан Республикасының азаматы ұсталды.

Жүргізушінің айтуы бойынша аталған тауарды Ресей Федерациясынан алып келген, бірақ кеден бекетінен өту барысында тесттерге декларациятапсырмаған.

Аталған факт бойынша уәкілетті органмен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 551-бабы 1-тармағымен әкімшілік құқық бұзушылық іс қозғалып, заңды бұзған шетел азаматына 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды, ал декларацияланбаған тесттер тәркіленді.

Одан бөлек, соңғы 4 күнде жұмысшы топпен тағы да 15 дәріханада жоғары бағада сатылған дәрі-дәрмектер анықталды. Ал Келес ауданында болса тұрғын үй жағдайында жеке тұлғамен рұқсатсыз дәрі-дәрмек сатумен және оны егумен айналысқан азамат ұсталды.

Әрбір дерек бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау үшін жинақталған іс-құжаттар уәкілетті органға жолданды.