Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
22 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Оралда рұқсат құжатынсыз дәрі сатқан тұрғын ұсталды

Оралда рұқсат құжатынсыз дәрі сатқан тұрғын ұсталды

Оралда рұқсат құжатынсыз дәрі сатқан тұрғын ұсталды
ашық дереккөзі
 width= Оралда рұқсат құжатынсыз тапшы дәрі-дәрмекті сату фактісі анықталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Қаржы мониторингі комитетіне Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды. Комитеттің Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері облыстық прокуратурамен бірлесіп, рұқсат құжаттынсыз тапшы дәрі-дәрмектерді сату фактісін анықтады. «Бірлескен тексеру барысында Орал қаласының тұрғыны жалпы сомасы 70 000 теңгеге «Ингавирин 90», «Ксарелто», «Ацетилсалицил қышқылы» дәрілік препараттарын сатқандығы белгілі болды. Алайда, аталған тұлғаның сәйкес рұқсат құжаттары болмаған», делінген хабарламада. Жинақталған материал айыпты тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін өкілетті органға жолданды.