Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
21 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Бүгін “бүкіләлемдік ми күні”

Бүгін “бүкіләлемдік ми күні”

Бүгін  “бүкіләлемдік ми күні”
ашық дереккөзі
Бұл күнді дүниежүзілік неврологтар федерациясы бекітті. Алғаш рет 2014 жылы 22 шілдеде өткізілді. Ми біздің жалпы салмағымыздың бар-жоғы екі-ақ пайызын құрайды. Бірақ оның қан тарататын мыңдаған талшықтары ағзамыздағы оттегінің жиырма  пайызын пайдаланады. Ми ешқашанда ұйықтамайды. Біз қалың ұйқыға батқанда миымыз тыным табады деген қате пікір екен. Ғалымдардың айтуы бойынша күндізгі уақыттан ғөрі түн кезінде мидың жұмыс істеу жиілігі артады. Миға әйелдердің әңгімесінен гөрі еркектердің әңгімесін  қабылду жеңілірек келеді екен. Себебі адам дауысы мидың  әр бөлігіне әр түрлі әсер етеді. Әйелдердің дауысы жіңішке, баяу әрі әуезді түрде шыққандықтан  оны түсіну үшін ми өзінің қосымша ресурстарын пайдаланады . Ми денеден  кеш оянады. Адам ерте ояна салып жұмыс істегенмен миының жұмыс істеу көрсеткіші төмен болады. Сондықтан да дене бұлшық еттеріне пайдалы таңғы жаттығулардан бөлек миды да жаттықтыру қажет. Ер адамдардың миы әйелдерге қарағанда үлкен. Сондай –ақ ғалымдардың анықтауынша ауыру сезімдерін еркектер мен әйелдердің миы әртүрлі қабылдайды екен. Адам миы 75% судан тұрады. Оның қалыпты жұмыс істеуі үшін ағза суды жеткілікті мөлшерде қабылдауы керек. Алькогольді ішімдіктерді ішкен кезде нейрондар арасында байланыс әлсірейді.