"Электронды теңгені тездетіп шығару керек",- деп мәлімдеді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев. Бұл туралы
Newsroom+Ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Пара беру жүйесі әлі де бар. "Ставкасын" барлығы біледі.Мемлекет үшін маңызды қадам-электронды ұлттық валютаны жасау.Егер осы жобаны қолға алсақ қолма-қол ақша жүйесі азаяды.Жемқорлар негізі қолма-қол ақша алғанды ыңғайлы көреді. Электронды валюта бұған шектеу қоюымен қатар, мемлекеттік сатып алу кезінде бюджет қаражатының ашықтығын қамтамасыз етеді",-деп мәлімдеді Алик Шпекбаев алқа мәжілісінде.
"Қазіргі ахуал кезінде біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы үрдісімен кейбір шенеуніктер медициналық жабдықтарды рұқсатсыз сатып, пайда көрді.Ал біз оларды тек қамап я болмаса айыппұл салып шеше алмаймыз. Өйтетін болсақ, одан кейінгілері де бұл бассыздықты жалғастыра беретін болады.Меніңше,бюджет қаражатын игеру жүйесін толығымен өзгерту керек",-деді ол.