Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
21 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Шымкент әкімдігі 3 млрд теңге үнемдеді

Шымкент әкімдігі 3 млрд теңге үнемдеді

Шымкент әкімдігі 3 млрд теңге үнемдеді
ашық дереккөзі
 width= Екі рет нақтылаудың нәтижесінде 3 094,5 млн. теңге оңтайландырылды. Қысқартылған шығынның ішінде  техникалық құралдарды сатып алуға, түрлі іс-шараларды өткізуге, қаланы абаттандыруға арналған қаржы бар. Үнемделген қаржы індетке қарсы күрес шараларына, ауруханаларды дәрілік заттар мен медициналық құрал-жабдықтармен қамтуға бағытталды. Нақтылап айтқанда, 1 647,5 млн теңге дәрілік заттар  мен медициналық құрал-жабдықтар сатып алуға, медицина қызметкерлерін уақытша баспанамен қамтамасыз етуге және көлікпен тасымалдауға, оттегі станциясын орнатуға бағытталса, 236,3 млн. теңге қаланы дезинфекциялау жұмыстарына, ал   2 050,0 млн. теңге қаладағы жұқпалы аурулар госпиталының құрылысына   бағытталған. Және де шілде айында қалалық бюджетті нақтылауы болады. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты бюджет шығындарына талдау жасалып, жалпы  7 214,6 млн. теңге оңтайландырылады деп жоспарлануда. Нақтылау кезінде мәдени іс-шаралар өткізу, қаланы көгалдандыру – абабаттандыру, қызметтік іссапарлар, мемлекеттік мұқтажға жер телімдерін алу, құрылыс жұмыстары сияқты шығындар қысқартылады. Аталған қаржы денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталады.