Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
21 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Мүгедектерге берілген баспананың қабырғасы сөгіліп, жертөлесін сасық су басқан

Мүгедектерге берілген баспананың қабырғасы сөгіліп, жертөлесін сасық су басқан

Мүгедектерге берілген баспананың қабырғасы сөгіліп, жертөлесін сасық су басқан
ашық дереккөзі
 width= Елорда әкімдігі әлеуметтік аз қамтылған жандарға ескі-құсқы баспана берген. Былтыр ғана жарнамасы жер жарған бағдарлама арқылы берілген үй құлаудың сәл ақ алдында тұр екен. Қабырғасы сөгіліп, жертөлесін сасық су басқан. Мүгедек жандар мұнда тұру мүмкін емес дейді. Одан бөлек, әр шаршы метріне ақысын кешіктірмей санап берген жұрт, коммуналдық қызметке де қымбат тарифпен ақша төлейді екен. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасына Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды. Бұл - 2008 жылы алғашқы кірпіші қаланып, бірнеше компания ауысып, құрылысы ақыры аяқталған көпқабатты үй. Мұны кейіннен әкімдік өз қарамағына алып "Тұрғын үй қоры" арқылы мүмкіндігі шектеулі жандар мен көпбалалы отбасыларға үлестірген. Басы байлы баспана ретінде таратылмаса да, әр шаршы метріне тұрғындар ақы төлеп келеді. Міне, берілгеніне бір жыл өтпей жатып, тұрғын үйдің қабырғасы сөгіліп, жер төлелері қалдық суға толып кеткен. АЙЖАН ТҰРАРОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
"Бұл подвалдағы су көктемнен бері тұр. Қаншама рет айттық, өтініш жасадық. Бұл суды тазалап беріңіздер дедік. Енді бұл жаз бойы, күз бойы тұрғаннан кейін бұл судың кесірінен тыныс алу мүмкін емес. Мына подвалдың есіктерін ашып қоямыз, ол жерге кішкентай балалар кіріп, шығып жүреді. Баланың аты бала ғой. Ол жердегі су лас, балалардың ауырмайтынына кім кепіл береді?".
Одан бөлек, басы даудан арылмаған баспанада мүмкіндігі шектеулі жандарға мүлде жағдай жасалмаған. Қарапайым арбаға таңылғандар кіріп шығатын пандус атымен жоқ. Аяқ қолы сау тұрғындар мүгедек жандарды үйлеріне көтеріп кіргізеді екен. СӘУЛЕ САДЫҚОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
"Былтыр 21 тамызда біз осы үйді алдық. Әйнекті аша алмаймыз. Бізде инвалидтер бар, үлкен кісілер бар. Бұл мәселені бір жыл бойы айтып келе жатырмыз.Сіздер секілді келетін тілшілердің өздері шошиды."
Жұрт жертөледегі қалдық су алыстан келмегенін айтады. Себебі, жолдың арғы бетінде "Астана су арнасына" тиесілі кәріз қалдықтарын төгетін арнайы орын бар екен. Ассинизатор көліктері кезекке тұрып, сарқындыны ағызатын жерге ашынған әлеумет лап қойды. Алайда оларды тыңдайтын құлақ табылған жоқ. Тұрғындардың сөзінше, осы маңға кәріз қалдықтарын төгу үшін, кәсіпкерлер әкімдікке қыруар қаржы төлейтін көрінеді. ҚУАНЫШ СҰЛТАНБАЕВ, "АСТАНА СУ АРНАСЫ" МКК КӘРІЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:
"Бізге келіп түскен сұрақ бойынша аталған баспаналарда ешқандай су басу дерегі жоқ. Бұл маңға тек жел екпіні күшейген кезде ғана қолаңса иіс тарайды. Қазір Алматы ауданы әкімдігімен аталған қалдық суды төгетін жерді ауыстыру жағын талқылап жатырмыз. Ал кәріз құбырына ағызылған су жер төлеге баруы мүмкін емес.Ол құбыр арқылы тазалау орындарына жөнелтіледі."
Бұл көпқабатты үйдің сасық судан бөлек қабырғасы сөгіліп, кірпіштері құлап жатыр. Бірнеше компанияның қолынан өткендіктен құрылысы сапасыз жасалған екен. Оған пәтерлер мен подьездердегі көріністер дәлел. Ал жандарын шүберекке түйіп отырған жұрт ертең үйіндінің астында қаламыз ба деп алаңдайды. https://www.youtube.com/watch?v=IR2kvvHgUo0