Алматының зиялы қауым өкілдері қала тұрғындарына үндеу жасады

Алматының зиялы қауым өкілдері қала тұрғындарына үндеу жасады

ашық дереккөзі

 width= Елде қалыптасқан жағдайға байланысты Қазақстанның зиялы қауым өкілдері ел тұрғындарына арнап үндеу жолдады. Олардың арасында қазақ жазушысы және кинодраматург, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайреткері Смағұл Елубай, актер, театр және кино режиссері Асанәлі Әшімов, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет бар. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Бұрын соңды болмаған осындай нәубет кезінде бірігейік. Бірлесіп жұмыс істейік, бір-бірімізді тыңдайық. Жоғарыдан беріліп жатқан мәліметтерді орындайық. Қарт буынға мен сенем, олардың тәртібіне сенемін. Мен мынау жастарға көңіл аударып отырмын. Қалай болса солай жүріп, маскасыз жүріп, тойлар жасап, жиындар жасауды доғару керек уақытша. Тойлайтын уақыт алда», - деген Асанәлі Әшімов ел осынау күрделі жағдайдан шыққанда қуанышты сәттерді атап өтетін кездер көп болатынын атап өтті.

Жүктелуде...