Америкалық кәсіпкер Илон Маск Neuralink компаниясының ми имплантаты туралы мәліметтерді жария етті.
Бұл туралы
NewsRoom+ Ақпарат тілшісі
Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
SpaceX негізін қалаушысының айтуынша, чиптелген адамдар миға тікелей бағытталатын музыканы тыңдай алады. Маск ми чипі гормондардың деңгейін бақылауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Мысалы, пайдаланушы уайым-қайғыны бір мезетте алып тастап, ойлануға ден қоя алады-мыс.
Еске салайық, Neuralink адам миына имплантацияланатын құрылғыларды дамытады. Мамыр айында Маск мидың зақымдануы, есту немесе аяқ-қолдың қозғалысынан айырылған адамдарға сол қабілеттерін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін имплант әзірлеу жыл соңына дейін аяқталады деп мәлімдеген. Чип мидың астына орналастырады және электродтар арқылы миға қосылады деп болжанып отыр.