weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
21 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Министр коронавирус бойынша жағдай тұрақталып жатқанын айтты

Министр коронавирус бойынша жағдай тұрақталып жатқанын айтты

Министр коронавирус бойынша жағдай тұрақталып жатқанын айтты
ашық дереккөзі
Министрдің айтуынша, тәулігіне коронавирус жұқтыру өсімі 4 проценттен 2,1 процентке азайған. Қазақстанда коронавируспен ауыру мен өлім-жітім тұрақталып келеді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, - деп хабарлайды NewsRoom+Ақпарат тілшісі  Sputniknews.kz порталына сілтеме жасап. "Соңғы аптада COVID-19 жұқтыру мен өлім-жітім тұрақталуға бет алғаны байқалады. Ауру жұқтыру жағдайы тәулігіне 1 500-1 600 адам деңгейінде",– деді Цой үкімет отырысында. Айтуынша, осы айдың үш аптасы ішінде жалпы төсек-орын қоры 30,4 мыңнан 49,7 мыңға дейін ұлғайды. Төсек-орын қорының өсімі 19,3 мыңды құрады. Соның ішінде қосымша 5,3 мың инфекциялық төсек-орын ашылды. Осының арқасында пациенттерге медициналық көмек көрсету қолжетімділігі артты. Министр жүргізілген жедел шаралардың арқасында екі аптаның ішінде қол жеткізілген оң нәтижелерге тоқталды. "Тәулігіне коронавирус жұқтыру өсімі 4 проценттен 2,1 процентке азайды. COVID-19 індетінен емделгендер саны 60 процентке жетті. Жедел жәрдем шақыру 23 процентке төмендеді. Провизорлық төсек-орындардың жүктемесі 20, жансақтау бөлімінің жүктемесі 6 процентке төмендеді", – деді ол.