Коронавируспен күреске бюджеттен тағы 42 млрд теңге бөлінуі мүмкін.Бұл туралы
Newsroom+Ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Осы жылдың соңына дейін еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты ПТР зертханаларының жұмыс қарқыны ұлғаяды. ПТР тестілеуіне республикалық бюджеттен қосымша 42 млрд теңге керек. Оның ішіне ветеринарлық зертханалардағы 67 маманның жол ақысына бөлінетін 170 миллион теңге кіреді",-деп мәлімдеді Алексей Цой.
Ауыл, аудандардың әкімдіктері зерттеу материалдарын жеткізуге автокөлікке қаражат бөлу қызметімен айналысуы қажет.