"Қайырымдылық жасасаң – қайырымын өзің көресің» деген дана халықтың ұлағатты сөзін бетке ту етіп ұстаған Сайрам ауданы, Қасымбек датқа ауылындағы "Көмешбұлақ" мешітінің жамағатының ұйытқы болуымен әлемді жайлаған пандемия кезеңінде құрбандыққа мал шалып, еті мұқтаж отбасыларға таратылды.
Ауыл мешіттері де жақсылық жасаудан қалыс қалмай қолдан келгенше атсалысуда. Ізгілік шараларын жасасып, еріктілер қатары да күннен күнге ұлғаюда.
Барлық игі істің басы-қасында жүріп, бастамашы болып жүрген аудандық мешітінің бас имамы Темірбеков Сейдахмет, аудан мәслихатының депутаты Сағындықов Сиқымбай сынды ағаларымызға көп алғысымызды білдіреміз! Қиын-қыстау сәтте қолтықтан демеп, қамқорлық танытқан жандарға мықты денсаулық, отбастарына амандық, сауапты істерінің жемісін көре берсін дегіміз келеді.