Жүз шақты тасты жеп қойған ит

Жүз шақты тасты жеп қойған ит

ашық дереккөзі

Итті «жеті қазынаның бірі» көріп, адамға деген достығы мен адалдығын қадірлесек те, жан-жануарлардың денсаулығына мән бермейміз. Алайда, мұндайға батыс елдері жақсы көңіл бөледі. Оған төмендегі оқиға дәлел. Иесімен ойнағанда жақсы көретін лабрадордың көңіл күйі күрт өзгеріп кетеді. Осы жағдайды ескерген иесі Вуллард ханым оны ветеринар дәрігерге әкеледі. Олар итті рентгенге түсірген. Нәтижесі таңғаларлықтай. Барнидың іші жағажайдың тастарына әбден толып қалған екен. Ветеринарлар тапқан 109 тастың 30-ы табиғи жолмен сыртқа шығып, 79-ы ішінде қалған. Ол тастардың даусын иттің қарнын сипап естуге болады. Иттің ішінде қалқып жүрген 79 тасты алу үшін дәрігерлер ота жасаған. Мұнымен қатар, тастарды жеу кезінде иттің тістеріне де зақым келгені анықталған.

Жүктелуде...