Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
20 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Дәрігер: Мұхтар Шахановтың жағдайы өте жақсы

Дәрігер: Мұхтар Шахановтың жағдайы өте жақсы

Дәрігер: Мұхтар Шахановтың жағдайы өте жақсы
ашық дереккөзі
Қазір ғана Мұхтар Шаханов ағамызға жолығып қайттық. Аурухана қаланың сыртында. Ішке кіргізбейді. Мұхтар ағамызбен терезе сыртынан тілдестік. Жағдайы жақсы. Дәрігері: "Екі-үш күнде шығарып қаламыз", - деді. Сосын өз тілінде Мұхаң ауруының мөлшерлік деңгей көрсеткішін айтып шықты. Біз өз тарапымыздан: "Ол қанша болуы керек еді?", - деп сұрадық. Білгеніміз, Мұхаңдікі сол қалыпты деңгей шамасында екен. Дәрігер де қазақ қой, ол да: "Әлеуметтік желіде айтылып жатқан әңгімелері біз де естідік. Сондықтан дәрігер ретінде айтамын. Мұхтар Шахановтың жағдайы өте жақсы. Менің осы сөзімді халыққа жеткізіңіз", - деді. Мен дәрігер қарындасыма: "Мұхаңды жақындау жерден суреттке тартып беріңізші", - деп өтініш жасадым. Мұхаң өзін суретке түсіретінін білгенде шашын тарақтап, реттеле бастады. Жалпы ауруханадан осындай қуанышты көңіл ауанында қайттық. Баршаңызға рахмет, тілеулес ағайын! Құдияр Біләл фейсбук парақшасынан алынды

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату