Асқар Жұмағалиев 2019 жылдың 25 ақпанында Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалған болтатын.
Асқар Қуанышұлы 1972 жылы РКФСР Орынбор облысында дүниеге келген.
1996-1998 жж. – «Жарық» ЖШС бас директоры.
1998-1999 жж. – Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрлігінде сектор меңгерушісі.
1999-2000 жж. – ҚР көлік және коммуникация министрлігінің көліктік қадағалау комитеті бөлімінің бас маманы, басшысы.
2000 жылдан бастап «Телекомуникациялық трафик биллингінің республикалық орталығы» ММК басқармасы басшысы қызметін атқарған.
2001-2003 жж. – ҚР байланыс саласындағы мемлекеттік басқару басшысы, байланыс және ақпараттандыру комитеті төрағасының орынбасары.
2003-2005 жж. – ҚР ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары.
2004-2005 жж – ҚР ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасы міндетін атқарушы.
2005-2006 жж. – ҚР ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.
2006 жылдан бастап – ҚР ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасы.
2006-2010 жж. – «Қазақтелеком» АҚ президенті.
2010-2012 жж. – ҚР байланыс және ақпарат министрі.
2012-2014 жж. – Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрі.
2014 жылдан бастап — ҚР байланыс және ақпарат агенттігі төрағасы.
2014-2015 жж. – ҚР инвестиция және даму министрінің орынбасары.
2015-2017 жж. – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы.
2017 жылдың тамызынан – ҚР премьер-министр орынбасары.
2018 жылдың 26 желтоқсанынан – 2019 жылдың 25 ақпанына дейін – Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – қорғаныс және аэроғарыштық өнеркәсіп министрі.
2019 жылдың 25 ақпанынан – 2019 жылдың 18 маусымына дейін – Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыштық өнеркәсіп министрі.
2019 жылдың 18 маусымынан – Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыштық өнеркәсіп министрі.