Зеленский: журналист Шереметтің өлімі Украина үшін ұят

Зеленский: журналист Шереметтің өлімі Украина үшін ұят

ашық дереккөзі

 width= Бүгін Украина президенті Владимир Зеленский құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне журналист Павел Шереметтің өлімін ұйымдастырушылар мен тапсырыс берушілерді табу үшін барлық жағдайды жасаңдар деп тапсырма берді. «Павел Шереметтің өліміне төрт жыл толды. Ол Ресей мен Украинадағы демократияның, адам құқығы мен бостандық құндылықтары туралы өз ойын анық жазатын журналистердің бірегейі еді. Бірінші кезекте әр азаматтың сөз бостандығына құқығы бар. Павел Шереметтің еркіндігіне тұсау сала алмаған соң оны өлтіруге бел буған. Оның қастандықпен өлтірілуі барлық тәуелсіз БАҚ пен журналистер үшін орны толмас қайғы. Ал бұл қылмыс Украина үшін ұят », - деп жазды Зеленский өз Telegram мессенджерінде. Зеленский Павел Шереметтің ісін украин қоғамының жіті бақылауында екенін және теріске шығарылған дәлелдерді тыңдағысы келетінін атап өтті. Павел Шеремет 2016 жылдың 20 шілдесінде Киевте көлік апатынан қайтыс болды. Ол шамамен он жыл бойы ресейлік теледидарда, соның ішінде Бірінші арнада жұмыс істеген. Соңғы бес жыл Киевте тұрды. «Украинская правда» интернет-басылымында, сондай-ақ «Вести» радиосында жұмыс істеген.

Жүктелуде...