Түркістан облысында пандемияға қарсы күресті күшейту мақсатында "Өмір" және "Шипа" жобалары қолға алынғаны белгілі. Оған "Nur Otan" партиясының өкілдері, облыстық маслихат депутаттары үлес қосуда деп хабарлайды
Newsroom+ ақпараттық агенттігінің тілшісі "Nur Otan" партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап..
Ал жуырда Түркістан облыстық маслихатының депутаты Баймахан Сүлейменов өз қаражатына 2 жасанды тыныс алу аппаратын сатып алып, Түркістан қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына ұсынды. Бүгінде жалпы 1 100 000 теңгеге алынған құрылғылар науқастарды емдеуге қолданылып жатыр. Халық қалаулысы тағы бір тыныс алу құрылғысы мен 20 дәрі-дәрмек қорапшасына тапсырыс беріп, тұрғындарға қолдау көрсетіп отыр.