Оңтүстік Корея: Қазақстан біз сіздермен біргеміз!

Оңтүстік Корея: Қазақстан біз сіздермен біргеміз!

ашық дереккөзі

 width= Оңтүстік Кореяның белді дәрігерлері қазақстандықтарға коронавируспен күреске бейнеролик жолдау арқылы қолдау көрсетті. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі хабарлайды. Квак Чонг Мён Корё университетіндегі Анам клиникасының профессоры:

«Мен қазақстандықтарға Covid-19-бен күрес кезінде  денсаулық, күш-қуат және жеңіс тілеймін.»
 
«Мен Чон Дже У  «Чунг-Анг» университеті жанындағы  халықаралық орталық ауруханасының директорымын. Коронавируспен күрес кезінде барлық қазақстандықтарға және медицина қызметкерлеріне күш-қуат пен денсаулық тілеймін! Қазақстан біз біргеміз!»
 
«Мен Ким Гван Ре «МизМеди» әйелдер клиникасының профессоры, репродуктологпын. Сіздерге сабыр мен күш тілеймін. Сенімдеріңізді жоғалтпаңызар, барлығы аяқталады. Қазақстан біз біргеміз!»
 
«Мен И Гван  «МизМеди» әйелдер клиникасының репродуктологымын.Сіздерге қолдау көрсеткім келеді. Қазақстан біз біргеміз!»
Дэханг клиникасының профессоры Ли Ду Сок:
«2020 жылдың наурыз айында коронавирустан зардап шеккен елдердің ішінде Корея алдыңғы қатарда болды. Ал қазір қазақстандықтар аса ауыр кезеңді өткеріп жатыр. Covid-19 дертін тезірек тоқтатуларыңызды тілеймін. Қазақстан біз біргеміз!»
Дэханг клиникасының гастроэнтеролог Чхве Ёнг Сон:
«Қазақстан үшін уайымдап отырмыз. Біз біргеміз!»
«S-plant” клиникасының стоматологы Но Хён Ги:
«Қазақстан біз біргеміз!»

Жүктелуде...