Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
20 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Қазақстандықтар карантинде етті көп жеген

Қазақстандықтар карантинде етті көп жеген

Қазақстандықтар карантинде етті көп жеген
ашық дереккөзі
2020 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша, орта есеппен әр қазақстандық 21 кг ет жеген. Бұл былтырға қарағанда 1,5 есе көп. Қазақстандық фермерлер отандастардың мұндай сұранысын қамтамасыз ете алады. 2020 жылдың қаңтары мен мамыр аралығында 681,2 мың тонна ет (ірі мал, құс) пайдаланылған. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 21,3 мың тоннаға көп. Карантин кезінде де фермерлер мал өсіру, ет сатуды тоқтатып жатқан жоқ. Тек ел аумағын емес, шетелдіктерді де етпен қамтамасыз етуге мүмкіндіктері бар. «Елімізде малшаруашылығы жақсы өсім беріп келеді. Бүгінде республикада 20 мың отбасылық ферма мал шаруашылығымен айналысады. 10 жылдан кейін АШМ олардың санын 100 мыңға жеткізуге ниетті. Сәйкесінше, ондай жағдайда малшаруашылығында жұмыс істейтін жұмыскерлердің саны 100 мыңнан 600 мыңға дейін өседі»- дейді Республикалық Ангус палатасының директоры ДӘУРЕН САЛЫҚОВ