Сексендегі қарияны әбден сенделтті. Қапан ата Нағашыбаевтың қызылордалық дәрігерлерге өкпесі қара қазандай. Тест нәтижесі оң болды деп, дәрігерлер ары-бері құр таси беріпті. Әуелі стационарға апарып 4 күн қамап тастаған. Ол жерде не дәрі, не дәрігер көрмеген қария үйіне әрең жеткенде тағы әкетіп, қайта қараусыз қалдырған. Халаты ақ болса да, көңілі қара кім болды екен? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасына
Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды.
«Мен емханадан келгеннен кейін осы жерде жатып, осы жерде тамақтанып жүрдім».
Қала тұрғыны Қапан Нағашыбаев үшінші топ мүгедегі. Жүрек ауруына шалдыққан қария ай сайын емханада тексеруден өтіп тұрады екен. Сараптама қорытындысынан кейін сексендегі ақсақалды дәрігерлер облыстық медицина орталығына жіберіпті.
ҚАПАН НАҒАШЫБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
"Сөйтіп сол арада үш күн жаттым. Үш күннен кейін кезек-кезек сынама алып олар мені сенде коронавирус бар, мұрнындағы мазоктан белгі берді деді. Сөйтіп үш күннен кейін түнгі 11-лердің кезінде мені жұқпалы ауруханаға апарып салды. Ешқандай дәрі-дәрмек берген жоқ, тағы да 4 күн жатқызып мені үйге әкеліп тастады".
Ауруханадан шығару қағазын емханадан алуға барған зейнеткерді емхана дәрігерлері қайтадан әбігерге салыпты.
ҚАПАН НАҒАШЫБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
"Өкпенің оң жағында коронавирус жұқтырғансың деп поликлиниканың рентгенологы қағаз берді. Ол қағазбен мені тағы да алып барып, инфекционный больницаға жатқызды. Осы жұқпалы ауруханада тағы да 4 күн жатып, анализдер тапсырып, ешқандай ем-дом алмай үйге 4 күннен кейін олар әкеліп тастады. Мінекей осы аурудың салдарынан адамның нервісін де құртып бітті, адамның денсаулығына да зиян келтірді. Біресе бар деп қорқытады, біресе жоқ деп қуантады".
Осының салдарынан Қапан ақсақал бірнеше күн бойы өз үйінің ауласында жатқан. Балаларым мен немерелеріме зиян келмесін деген оймен тіптен бөлек тамақтаныпты.
ДИНА БАСТАУОВА, ЖҰБАЙЫ:
"Балаларға жұғып кетеді деп бөлек ішеді. Ыдысы бөлек, балаларға жұғып кетпесін деген ой ғой. Бірақ енді емделіп жазылды ғой, жұқпайтын шығар".
Ал дәрігерлер барлығын санитарлық талаптарға сәйкес жасадық дегенді алға тартады.
ОЛЕГ КИМ, "АЛЕКСЕЙ СУЛТАНАХМЕТ" ЕМХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:
«Ол кісіден Covid-19 ауруына алынған сынама оң нәтиже берді. Мамандардың жіті тексеруінен кейін дене қызуы мен жөтел болмағандықтан симптомсыз тасушы қатарына жатқызылды. Бас санитар дәрігердің нұсқауларына байланысты Қапан Нағашыбаев 14 күн үй бақылауында болды. Осы уақыт аралғында қайта шағым болмағандықтан бұл кісі бақылаудан алынды».
Осылайша он күн үшінде жұқпалы аурулар ауруханасына екі мәрте жатып, мазасы қашқан ақсақалдың дәрігерлерге көңілі толмай отыр. Қария әлі де болса үйіне кіріп, отбасымен бірге болуға жүрексінеді. Кезекті амбулаториялық тексеруден өтуге барсам мені қайта індетке шалдыққан жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызып тастай ма деп қауіптенеді.
https://www.youtube.com/watch?v=1xJJ99gfdb8