Екі аптада КВИ статистикасы 47% және 67% өсіп кетті

Екі аптада КВИ статистикасы 47% және 67% өсіп кетті

ашық дереккөзі

 width= 18 шілде күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет мүшелері және әкімдермен короновирустың таралуын болдырмау жөнінде тапсырмалардың орындалу барысын тексеріп, кеңес өткізген еді. Кеңес барысында, Мемлекет басшысына 29 маусым мен 10 шілде аралығында қолға алынған шаралар туралы баяндалды. Баяндамашылардың барлығы Тоқаевтың сынына ұшырады.

«Бізді жағдайы ауыр және аса ауыр науқастардың жағдайы алаңдатып отыр. Бүгінде жағдайы ауыр 290 науқас ауруғанада емделуде. Сондай-ақ жағдайы аса ауыр 40 азамат ауруханада жатыр. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, 29 маусымда олардың саны тиісінше 197 және 24 болған еді. Екі аптаның ішінде мұндай науқастардың саны 47% және 67% артып кетті. Осы көрсеткіш науқастардың абсолютті санына да, дертке шалдыққандардың жалпы санына да қатысты. Шын мәнінде бұл күрделі жағдай»- деді ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ.

Жүктелуде...