Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
20 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Билік осы айда 1 млн-нан астам қазақстандыққа 5 300 теңгеден береді

Билік осы айда 1 млн-нан астам қазақстандыққа 5 300 теңгеден береді

Билік осы айда 1 млн-нан астам қазақстандыққа 5 300 теңгеден береді
ашық дереккөзі
Қазақстандықтар ағымдағы жылдың 20 шілдесінен бастап айдың соңына дейін банк карталарына төлем ала бастайды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ағымдағы жылдың шілде айында азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар үшін қаражат төлеуді көздейтін бұйрықты әзірлеп, қабылдады, - деп хабарлайды NewsRoom+Ақпарат  тілшісі  zakon.kz ақпарат порталына сілтеме жасап. Қазақстандықтар ағымдағы жылдың 20 шілдесінен бастап айдың соңына дейін бnewsанк карталарына төлем ала бастайды. Бұйрық күшіне енген кезде 5 әлеуметтік топқа жататын азаматтар алушылар болады. Жергілікті атқарушы органдар қолда бар деректер негізінде азық-түлік және тұрмыстық жиынтық алуға тиісті адамдардың тізімін жасайды. Содан кейін шілде айына, яғни шектеу шараларының қолданылу кезеңінде алушыларға сомасы 2 АЕК мөлшерінде төлем жіберіледі. 5 әлеуметтік топқа: – атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар; – медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар; – медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, барлық жастағы I, II, III топтағы мүгедектер; – мүгедек бала тәрбиелеп отырған адамдар; – жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тіркелген жұмыссыз азаматтар жатады. Бұған дейін хабарланғандай, коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупін азайту мақсатында адамдардың тікелей байланысын болдырмау үшін азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар 2 АЕК-тен кем болмайтын мөлшерде алушылардың банк карталарына аударылған төлемге ауыстырылды. Ағымдағы жылдың наурыз айынан мамыр айына дейін бұл төлемдер жалпы сомасы 13,5 млрд теңгеге 1 млн адамға есептелген. Естеріңізге сала кетейік, 14 шілдеде ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қазақстандықтарға азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар үшін ақшалай қаражат төлеуді бастауды тапсырған болатын. Бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеу шараларын күшейтуді тапсырды. Табыссыз қалған қазақстандықтарды қолдау үшін жәрдемақылар, біржолғы төлемдер төленді, оның ішінде азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар берілді.