Нью-Йорк төбесіндегі ұшақ: «Түркіменстан диктаторы — SOS»

Нью-Йорк төбесіндегі ұшақ: «Түркіменстан диктаторы — SOS»

ашық дереккөзі

   width= Нью-Йорк қаласындағы Түркіменстан белсенділері ерекше саяси акция ұйымдастырды. Олар ұшаққа Гурбангулы Бердымухамедовтың портретін жабыстырып, түркімен туын іліп, жанына «Түркіменстан диктаторы — SOS» деп жазып, қала үстімен ұшып өткен. Түркіменстанның шетелдегі белсенділері ел президентінің саясатына қарсылық ретінде бірнеше акция ұйымдастырып үлгерді. Белсенділер алдағы уақытта Вашингтонда арнайы акция ұйымдастыруды ойлап отыр. Олар Түркіменстандағы «вирус жоқ» деген ақпарат жалған дейді. Бұған дейін сырттағы түркімендер Кипр мен Грекияда арнайы қарсылық акциясын өткізген болатын.

Асхат Қасенғали

Жүктелуде...