Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
18 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Ағза ауыстыру: күнгейі мен көлеңкесі

Ағза ауыстыру: күнгейі мен көлеңкесі

Ағза ауыстыру: күнгейі мен көлеңкесі
ашық дереккөзі

 width=

Әлемдік тәжірибеде бұрыннан кеңінен қолданылатын сырқат адамға донордың мүшесін салу қазір Қазақстандықтар үшін де таңсық болмай қалды ғой. Тіпті, осындай жолмен ақша табамын деп ұрынып қалып сотты болғандар да бар. Өткен жылы Шымкенттік танымал дәрігерге «адам ағзасын заңсыз алғаны үшін» деген айып тағылып, сотталды. Енді ақша жүрген жерде міндетті түрде сондай келеңсіздіктер болмай қоймайтыны ежелден белгілі. Ағза ауыстырудың басқа да қызық жақтары бар екен. Бәріміз жақындарымыздың амандығын қалаймыз. Сол үшін барымызды аямайтынымыз таңғаларлық іс емес қой. 1995 жылы 33 жастағы Сонни Грэм деген азамат жүрек талмасы ұстап ауруханаға өлімші халде жеткізіледі. Шұғыл консилиум өткізген дәрігерлер Соннидің жүрегі жарамсыз халге түскенін, оны аман алып қалудың жалғыз-ақ жолы - донордың жүрегін салу керектігін туыстарына жеткізеді. Дәл сол кезде сол қалада, өзінің гаражында Терри Коттл деген азамат өзін өзі атып өлтіреді. Самайдан тиген оқ бас сүйекті талғандап кеткенмен, жүрегі сап-сау.. Дәрігерлер Коттлдың жүрегін Сонни салады. Ауруханада бірнешге ай жатып жақсылап емделіп жаңа жүрекпен шыққан Соннидің бұрын сыраға, хот-догқа құмарлығы жоқ екен. Енді сыра ішетін болады. Хот-дог жейтін болады. Ең қызығы, бұрын құмар ойындарға құмарлығы жоқ Соннидің тотализатордан шықпайтын болғанына туыстары аң-таң болады. Өзіне өзі келіп алған Сонни бір күні Терри Коттлдің әйеліне қоңырау шалып, өзін таныстырып, рахметін айтады. Бұл таныстық бірте-бірте тереңдеп, ақырында Сонни Терридің жесіріне үйленіп тынады ғой. Сөйтсек, Сонниге жабысқан сыра, хот-догқа әуестік, құмар ойынға құмарлық секілді жаңа қасиеттер марқұм Терридің кәдуілгі әдеті екен. Бірнеше жылдан соң Терри өзін өзі атып өлтірген гаражда Сонни де өзін өзі атып өлтіреді. Бұрын кітапқа құмарлығы байқалмаған Престон қаласының тұрғыны Шэрил Джонсон бүйрегін ауыстырған соң әлемдік классиканы бас алмай оқитын болағынан туыстары таң-тамаша болады. Үйінде жатып регби, футбол секілді спорттық ойындарды тамашалаудан жалықпайтын ағылшын Йен Гаммельнс бүйрегін ауыстырған соң үйіндегілерге дәмді тағамдар мен тәтті күлшелер пісіре бастаған. Сонымен қатар, бұрын үйкүшік болған оның бойында шопоголизм (дүкен аралап, керек болсын, болмасын заттар сатып алу синдромы) пайда болған. Йенге әйелі Линда бір бүйрегін берген еді. Аризона университетінде адамның энергетикалық жүйелерін зерттейтін зертхана ашқан танымал психология мен медицина профессоры Гэри Шварцтың зерттеулері әлемдік ғылымда сенсация тудырды. Өзге адамның мүшесін салар кезде адам психикасында өзгерістер болуы мүмкін екендігі міндетті түрде сырқат пен оның туыстарына ескертілуі тиіс деп есептейді профессор Шварц.  

Өмір ШЫНЫБЕКҰЛЫ