Ең бай адамдардың
Twitter желісіне үлкен шабуыл жасалды. Зардап шеккендердің арасында Элон Маск, Билл Гейтс, Джефф Безос және Apple және Uber компаниялары бар. Бұзылған аккаунттарға шабуылдаушылар өздерінің биткоин әмияндарының мекен-жайларын орналастырып, кіріс аударымдарын екі есе мөлшерде қайтаруға уәде берген.
«Мен оны қоғамға таратамын. Төмендегі мекен-жайға жіберілген барлық биткоиндер екі есе қайтарылады! Егер сіз 1000 доллар жіберсеңіз, мен 2000 доллар қып қайтарамын. Ол тек 30 минутқа созылады », - делінген хабарламада.
Twitter желісі хаккерлер жариялаған барлық хабарламаларды жойды, бірақ бірнеше сағат ішінде 300-ден астам адам жалған хабарламаларда көрсетілген мекенжайларға 110 000 доллар көлемінде ақша аударғындығы анықталды.