Атырау облысының бас санитары Сәдуақас Байғабылов пен Шымкенттің бас санитары Әбдіманап Түлебаев карантин режимін ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы
Newsroom+Ақпарат агенттігі хабарлайды.
Атырау облысында 19 шілде сағат 00-ден бастап, 3 тамызға дейін қатаң режимдегі карантин шаралары орнатылады. Ал Шымкент облысында 20 шілде 00-ден бастап 3 тамыз 00-ге дейін ұзартылды.
Карантин режиміне сәйкес Атырау облысында:
- елдімекендер арасындағы автобустарға
- Басқа қалаларға қатынайтын темір жол тасымалдарына
- Автокөліктер 23:00-06:00 аралығында жүруге толықтай тыйым салынады.
Ал облыс, қала, аудан қызметін қамтамасыз етіп отырған кәсіпорындардан бөлек, сенбі, жексенбі демалыс күндері автокөлік қозғалысы мүлдем тоқтатылады.
Қала тұрғындарының жүріс-тұрысына тыйым салынады. Жұмыс орнына баруға анықтамасы бар және жақын маңдағы дәріханалар мен азық-түлік дүкеніне барғандары есептелмейді.
Ойын-сауық орталықтары мен мәдени нысандар, банкет залдарына, СПА орталықтар, жаттығу залдары, сауна, салон, шаштараз қызметтерінің барлығына толықтай тыйым салынбақ.
Азық-түлік сатпайтын базарлар мен жабық азық-түлік дүкендері "үйге жеткізу" қызметіне көшеді.
65 жастан асқан адамдардың қозғалысы шектеледі.
Санитарлық қызметтерді сақтай отыра, қонақ үйлер мен отель қызметтері жұмыстарын жалғастырады.
ХҚКО жұмысы 9:00 ден 15:00 ге дейін , "Қазпочта" АҚ жұмысы 9:00 ден 18:00 ге дейін жасайды.
Теңіз кен орындары бұрынғы сақталған карантин режимімен қалады.
Шымкент қаласында:
Шағын аудан территорияларында орналасқан тұрғын үйлер мен көп қабатты үйлер үнемі тазалық жұмыстарын жүргізіп, күн сайын санитарлық дезинфекция жасалуы тапсырылды.
3 тамызға дейін созылған шектеу шаралары кезінде адам көп шоғырланатын барлық жерлердің жұмысы қайта тоқтатылады. Табысынан айырылған кіші және орта бизнес өкілдерінің барлығына 42500 теңге әлеуметтік жәрдемақы төленеді.