Әзірбайжан ақпарат көздері: Жүздеген армян сарбазы қаза тапты

Әзірбайжан ақпарат көздері: Жүздеген армян сарбазы қаза тапты

ашық дереккөзі

 width= Армения мен Әзірбайжан қарулы күштерінің шекара маңындағы қақтығысы жалғасуда. Бұған дейін Армения тарапы 4 сарбаздың қаза тауып, 36 жауынгер жараланды деген ақпаратты ресми мойындаған еді. Әзірбайжандық Trend ақпарат көзі, Бакудегі қорғаныс министрлігінің ақпаратына сүйене отырып, Армения тарапының ақпараты ақылға қонымсыз дегенді жазуда.

"Товуз ауданындағы кескілескен ұрыста Армения тарапынан жүзден астам сарбаз көз жұмып, жараланды. Армения әдеттегідей қоғамнан адами шығынын жасырып бағуда. Алайда уақыт өте олар шынайы ақпаратты беруге мәжбүр болады. Сол себепті де біз Әзірбайжандық басылымдарды нақты ақпаратқа сүйеніп, жаңалық таратқанын қалаймыз", - дейді Әзірбайжан қорғаныс министрлігі.
Естеріңізде болса бір апта бұрын екі ел арасындағы шиеленіс қайта өршіп, қазіргі таңда шекара маңында ұрыс жүруде.

Жүктелуде...