Павлодарда парамен шенеунік ұсталды (ВИДЕО)

Павлодарда парамен шенеунік ұсталды (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

 width= Павлодар облысында ұсталған шенеуніктерге қатысты ақпаратты Sputnik Қазақстан сайтына Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды. Ресми мәліметке сәйкес, Павлодар облыстық әкімдіктің басқарма басшысы іс жүзінде орындалмаған жұмыстардың жалған актісіне қол қою арқылы 2,6 миллион теңгенің бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айыпталып отыр. https://youtu.be/mgM9avM_cRw Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу басталды. Ал осы облыстың Павлодар аудандық әкімдігінің бөлім басшысы тура сондай жолмен 19 миллион теңге жымқырды деген күдік бар. Екібастұз қалалық әкімдігінің бұрынғы бөлім басшысы да жалған актілерге қол қою арқылы 4,7 миллион теңгенің бюджет қаражатын ұрлады деген айыппен тергеуге алынды. "Қылмыстық процессуалды кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жариялауға жатпайды", – дейді тәртіп сақшылары.  

Жүктелуде...