Жуырда ғана ересектер құрамасына өткен Атырау облысы құрамасының боксшылары Еламан Рахметоллы, Нұркен Нұрымов және Сұңқар Телманов жол апатынан қаза болды деп хабарлайды
NewsRoom+ақпарат агенттігі.
"Туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Жастар құрамасынан енді ғана ересектер құрамасына ауысқан талантты жігіттердің болашағынан үміт зор еді", - делінген Қазақстан бокс федерациясының хабарламасында.
Рахметолла, Нұрымов пен Телманов 2000 жылы дүниеге келген спортшылар еді.
Жол апатының себеп-салдары анықталып жатыр.