Шымкентте төрт аудандағы орташа жөндеуден өткен 11 көше пайдалануға берілді

Шымкентте төрт аудандағы орташа жөндеуден өткен 11 көше пайдалануға берілді

ашық дереккөзі

 width= Шымкентте орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген төрт аудандағы 11 ішкі орам көше ел игілігіне берілді. Яғни, ұзындығы 11,15 шақырым жол жөндеуден өтті деп хабарлайды Newsroom+ ақпараттық агенттігінің тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Атап айтқанда, Абай ауданындағы Таңқурай, Агропром, Тарактас, Болашак, Ермекбаев пен Сейтов көшелеріне орташа жөндеу жүргізілді. Ал, Еңбекші ауданында  Бойт ата, Абрикосовая, Қараменде батыр көшесі жөнделсе, Әл-Фараби ауданында  Саттарханов көшесі, Қаратау ауданында Байжігітов көшелерінің  құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды. Бұған дейін төрт аудан бойынша 12 ішкі орам көшенің құрылысы аяқталып, тапсырылған болатын. Жалпы биыл қаладағы 296 шақырым ішкі орам көшелерде күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп отыр. Бұдан бөлек, 112 шақырымды құрайтын көшелерге шағал тас төселеді.

Жүктелуде...