New York Times басылымы 19 жастағы қазақстандық туралы жазба жариялады

New York Times басылымы 19 жастағы қазақстандық туралы жазба жариялады

ашық дереккөзі

 width= Иманбек Зейкенов есімді павлодарлық 19 жасар жігіттің "Rozes" әнінің ремиксі әлемдік чарттардың алдыңғы қатарын иеленді. Бұл туралы АҚШ-тың New York Times басылымына  Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды. Бүгінде Imanbek Music лейблымен танымал қазақ продюсері бұрын Ақсу теміржол стансасында жұмыс істеген. Ол 2019 жылы Saint Jhn-ның "Roses" әніне өзінің ремиксін жасау арқылы халықаралық деңгейде танымал болды. Ремикстелген ән бүкіл Еуропадағы, соның ішінде Бельгия, Мажарстан, Нидерланд, Польша, Үндістан және Швециядағы көптеген чарттарда алғашқы орындарды иеленді. Осылайша теміржолшы жігіт аз уақыт ішінде орасан зор танымалдылыққа қол жеткізді.

Жүктелуде...