42500 теңгені кімдер ала алмайды?

42500 теңгені кімдер ала алмайды?

ашық дереккөзі

 width= Зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтарға, бала күтімімен үйде отырған әйелдерге 42500 теңге берілмейді. Тек жұмыс істеп жүрсе, жұмыс беруші олар үшін өтініш бере алады. Егер кәсібіңіз карантиннің кесірінен тоқтап тұрса, көмек алуға мүмкіндігіңіз бар. Ал жұмыскерлерін ақысыз демалысқа жіберген жұмыс берушілер тек жұмыскерлер үшін өтініш толтыра алады.

«Егер де қашықтықтан жұмыс істеп жатса, жалақысын төлеп немесе толық емес режимде жұмыс істеп жүрсе, жалақысын алып, я болмаса, еңбек заңдылығы бойынша мәжбүрлі тоқтатып, соған жалақысын төлеп жатсаңыз, ондай азаматтарды сіз бұл өтінішке қоса алмайсыз» – дейді Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.
Министрлік бір адамның бірнеше рет өтініш беруін доғаруды сұрайды. Себебі, бір адамның атынан түсетін бірнеше өтініш, мамандардың жұмыс істеу уақытын ұрлайды. Телефоныңызға смс келсе, өтініш жібермесеңіз болады.
«Смс алған кісілер бүгін егер сіздер сол жерге «иә» деп «1» басқан болсаңыз, ертең жұма күні порталдарға, телеграмға өтінішті берудің қажеті жоқ. Сіз ертең өзіңіздің статусыңызды көрсеңіз, сіз үшін өтініш қабылданды деп тұрады. Баршаңызға осындай өтініш» – дейді Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.

Жүктелуде...