«Болашақ» бағдарламасымен қандай ЖОО-да оқи аласыз?

«Болашақ» бағдарламасымен қандай ЖОО-да оқи аласыз?

ашық дереккөзі

 width= «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде 2020 жылы оқуға ұсынылатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі бекітілді. «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеудің жаңа ережелеріне енгізілген өзгерістердің нәтижесінде шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі сапалық және сандық жағынан өзгерді. Тізімде: QS World University Rankings, Academic Ranking of World Universities, Times Higher Education World University Rankings, the U. S. News& World Report Best Global University ranking халықаралық рейтінгтерінің кемінде екеуінің TOP-100-дігіне кірген жоғары оқу орындары бар. Сонымен қатар, The U.S. News & World Report Best Global University Ranking басылымының нұсқасы бойынша үздік әлемдік университеттер рейтингінде кемінде 65 балл жинаған Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінің жоғары оқу орындары енді. 2019 жылы ұсынылған шетелдік жоғары оқу орындарының тізімінде 537 жоғары оқу орны болса, оның 20% ғана топ-100 халықаралық рейтингтеріне кірген. Ұсынылатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі туралы ақпаратты https://bolashak.gov.kz/kz/pretendentu/perechni/spisok-rekomenduemykh-vuzov.html сілтемесіне кіріп таныса аласыз.

Жүктелуде...