Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов коронавирус жұқтырған медицина саласының қызметкерлеріне 2 млн теңге өтемақы төленетінін мәлімдеді.
"Төлем операторы боп Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры тағайындалған.Қазіргі таңда 6 өңірден 123 өтініш келіп түсті. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры ережеге сәйкес өтініш берген азаматтарға үш жұмыс күнінде 2 млн теңге төлеуі керек. Қайтыс болған медицина қызметкерлері бұл тізімге кірмейді",- деп хабарлады министр Біржан Нұрымбетов брифингте.