Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
16 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Ақтөбе тұрғындары: Газ да жоқ, су да жоқ!

Ақтөбе тұрғындары: Газ да жоқ, су да жоқ!

Ақтөбе тұрғындары: Газ да жоқ, су да жоқ!
ашық дереккөзі
 width= Ақтөбе қаласының "Думан" тұрғын үй алабында тұратын тұрғындар үш жыл бойы ауыз суды күн сайын қаладан тасып ішіп отқандарын мәлімдеді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасына Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды. "Үш жыл бойы жаяу қатынап жүрміз. Пәтер жағалап шаршап, енді дегенде қол жеткізгенде не газ жоқ, не су жоқ. Уәдеге тойдық",- деді ашулы тұрғын Гүлжамал Әбелдинова. Газ бен судың жоғымен қатар жарықтың баяулығына да ызалы халық құр қарап отырғаннан түк шықпайтынын біліп, жауапты мекемелердің есігін тоздырып жүр.
"Жарықты да уақытша мерзімге қосып берді. Бірақ тек 1 КТП қана тұр. Энергосистеманың айтуы бойынша бізге 12 КТП қосылуы керек екен. Ай сайын айқайлап жинала бермейтін шығармыз. Бізге жарық, газ, су қажеттіліқ мәселесін тездетіп шешіп берсе жақсы болар еді",- деді "Думан" үй тұрғыны Нұргүл Мұқанғалиева.
Отын мәселесі тұрғындардың жан айқайынан кейін 1 шілде күні қосылады деп уәде еткен. Құбыр жүргізіліп, барлығы дайын тұрса да қолданысқа берілмеген. Жоба бойынша жауапты қызметкерлер жұмыстың әзір біте қоймайтынын айтты.  Жарық тамыз айында, газ күз айында аяқталады екен. https://youtu.be/h7S3IuHOmDA