Еліміздегі ахуалға байланысты қиын жағдайға ұшыраған азаматтар алимент бойынша қарызын төлеу үшін 1 млн теңге көлемінде қаражат ала алады.
«Ол үшін арнайы қор құрылуы керек.Жеке сот орындаушылары мен республика палата мүшелері жанынан ерікті түрде қайырымдылық жасау фактісі бойынша бюджет қаржысы жиналады»,-деді әділет министрі Марат Бекетаев.
Қордың ашылуы туралы шешім 21 қарашада жеке сот орындаушыларының кезекте тыс съезінде қабылданған болатын. Қордың басты мақсаты - жұмысынан айырылған немесе денсаулығы сыр берген алимент төлеушілерге жәрдемдесу.
Әділет министрлігінің айтуынша, қордан алған қаражаттың қайтарымы бар.