Covid-19: Отыз елдің қатарына кірдік

Covid-19: Отыз елдің қатарына кірдік

ашық дереккөзі

 width= Елімізде 15 шілде күні коронавирус індетін жұқтырған тағы 1674 адам тіркелді. Атырау, Нұр-Сұлтан, Алматы қаласында вирус жұқтырғандар саны басқа өңірлерге қарағанда үш есе көп. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Өкінішке орай дамыған отыз елдің қатарына емес, коронавирус індетін жұқтыру жағынан Беларусь мемлекетінен кейін отызыншы орынға жайғастық. Денсаулық сақтау министрлігі енді індеттен көз жұмғандар  тізімін аптасына бір рет шығаратынын мәлімдеді. Өлім себебін анықтайтын комиссияның үлере алмай жатқандығын алға тартты. Коронавирустан қайтыс болған адамдардан бөлек, "өлім себебі басқа" деген адамдардың тізімі бар. Аймақтар бойынша жағдай: Атырау облысы - 8515 (+218 жаңа тіркелген), Алматы қаласы – 8259 (+219), Нұр-Сұлтан қаласы -7353 (+204), Қарағанды облысы – 6544 (+100), Батыс Қазақстан облысы - 4327 (+101), Шымкент қаласы – 4251 (+76), Шығыс Қазақстан облысы – 3509 (+133), Алматы облысы - 3379 (+88), Ақтөбе облысы - 2598 (+53), Жамбыл облысы - 2433 (+87), Түркістан облысы - 2371 (+30), Маңғыстау облысы - 2152 (+41), Павлодар облысы - 2027 (+63), Қызылорда облысы -1973 (+74), Солтүстік Қазақстан облысы - 1940 (+95), Ақмола облысы - 1812 (+43), Қостанай облысы - 1745 (+49). Жазылғандардың жалпы саны 39 мыңнан асты.

Жүктелуде...