«NUR OTAN»:Ордабасы аудандық филиалының төрағасы сайланды

«NUR OTAN»:Ордабасы аудандық филиалының төрағасы сайланды

ашық дереккөзі

 width= Темірланда «Nur Otan» партиясы Ордабасы аудандық филиалының кезектен тыс ХLII конференциясы онлайн форматта өтті. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі хабарлайды. Конференцияда «Nur Otan» партиясы Ордабасы аудандық филиалының төрағасы болып аудан әкімі Тұрашбеков Нұрбол Әбдісаттарұлы сайланды. Күн тәртібіндегі екінші мәселе де талқыланып, «Nur Otan» партиясы Ордабасы аудандық филиалы Саяси кеңесінің жаңа құрамы бекітілді. «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросының жаңа құрамы да таңдалып алынды. Сонымен бірге «Nur Otan» партиясы Ордабасы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне Бердімұратов Әлиасқар Байдуллаұлы бекітілді. Филиалдың конференциясына қатысқан «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев қазіргі күрделі кезеңде партияға ауыр міндет пен жауапкершілік жүктеліп отырғанын айта келе, партия мүшелеріне белсенді жұмыс істеу керектігін атап өтті.      

Жүктелуде...