Алматы қаласында 83 жастағы қария коронавирустан жазылып шыққан. 2 шілде күні жағдайы күрт нашарлап жедел жәлдеммен аурухана жеткізіледі. Балаларының айтуынша бірінші жөтел пайда болып, кейін тынысы тарылды дейді. Дәрігерлерде екі өкпесі бірдей қабынған қарияны аман алып қала аламыз ба деген күдік болған. Ауруханаға түскен күні жасанды тыныс алу аппаратына қосып, он күннен астам уақыт қабылдаған ем-дом шаралары оң нәтижесін беріп, қария құлан таза айығып шыққан. Ауруханадан шығар кезде дәрігерлерге алғысын білдірді. Қалада орын тапшы болғандықтан "Балалар жұқпалы ауруханасы" ересектерді де қабылдап жатыр. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасына
Newsroom.kz Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды.
"Дәрігерлер өте тамаша. Өз отбасыларын ұмытып, күндіз де түнде де науқастарды емдеп жатыр",-Алматы қаласының тұрғыны Сырымбет Жылқышиев.
Сонымен қатар Алматылық дәрігерлер өкпесі 96 пайызға зақымданған 56 жастағы әйел адамды аман алып қалған. Ауыр халдегі науқасты томографияға түсіргенде өкпесінің 4 пайызы ғана сау екенін көрсеткен. Қалалық орталық клиникада ем алған науқастың беті бері қарапты.
https://www.youtube.com/watch?v=k_a9Sha0FnI