Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
15 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Арпалыс кезінде шындығы ашылған «СҚ-Фармация»

Арпалыс кезінде шындығы ашылған «СҚ-Фармация»

Арпалыс кезінде шындығы ашылған «СҚ-Фармация»
ашық дереккөзі

 width=Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевта "СҚ-Фармациясын" мафия басқарады деп күмән тудырған еді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та бұл мәселеге ерекше тоқталды. Қазіргі таңда дәрі-дәрмекке жауапты бірыңғай дистрибьюторды жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері тексеріп жатыр. Бұл індет елімізге келмегенде "СҚ-Фармацияның" былығы белгілі болмас па еді? Бұл туралы ақпаратты Еуразия бірінші арнасынан Newsrooom.kz сілтеме жасайды.

2009 жылы "Самұрық-Қазына" компаниясының жанынан құрылған "СҚ-Фармация" төрт жылдан кейін Денсаулық сақтау министрінің қол астына өткен болатын. Он бір жыл бойы басы дауда өткен компанияның төрағалығы алты рет ауысты. 2017 жылы өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа "СҚ-Фармацияның" төрағасын ауыстыруды тапсырған болатын. Жаңа басша ретінде тағайындалған Максим Касаткин компанияда жеті ай уақыт қызмет еткеннен кейін 1,8 млрд қаражатты жымқырды деген айыппен үстінен іс қозғалды. "СҚ-Фармациясының" атқаратын негізгі қызметі: Қазақстанға керек дәрі-дәрмектер мен медициналық құралдарды сатып алумен қатар дәріханаларға жетуін қадағалайды. Компания кесапатынан денсаулық сақтау министрлігінің беделді қызметкерлеріде зардап шеккен еді. Соның бірі - Лариса Пак. "10 миллион теңге көлемінде пара алды" деген айыппен екі жыл тергеуде болып, кейін үйқамаққа жіберілді. Көрсетілген қысымға шыдамаған Лариса Пак жүрек талмасынан қайтыс болған. Қасым-Жомарт Тоқаев "СҚ-Фармациясын" екі жыл басқарған Берік Шәріпті орнынан босатуды тапсырған болатын. "Тергеуді бастаңдар" деген бұйрығынан кейін Жемқорлыққа қарсы агенттік өз жұмыстарына кірісіп кеткен. Тергеу жұмыстары 31 шілдеге дейін жалғасады. Басшылық пен қызметкерлер арасынан құқық бұзушылық тіркелсе заң бойынша жауапқа тартылады.
"Жұмысын тиімі атқара алмаған компанияларды қатаң бақылау қажет. Қазіргі ахуалға байланысты ол жақта қыруар ақша жүріп жатыр. Қайда кетіп, жұмсалып жатқандығы қоғам бақылауында болуы керек",- Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Марат Басшимов.
Экс-басшы Берік Шәріповтың орнына Ерхат Ысқалиев есімді медицинаға түк қатысы жоқ азамат келіп жайғасты. Бұл басшының қалай қызмет қылатынын алдағы уақытта біле жатармыз. "СҚ-Фармация" компаниясының қызметкерлерінің жалақысы да қызу талқыға түсіп жатыр. 2018 жылы 129 адамның айлығына 1 млрд теңге бөлінсе, өткен жылы 1,5 млрд теңге бөлінген. Есепке шаққанда шамамен 150 қызметкер 850000 теңге жалақы алған. Алайда компания өкілдері бұл айтылғандарды не растамады, не жалған екенін айтпады. Жабулы қазан күйінде қалып отыр.