10 шілде күні Қытайдағы Қазақстан елшілігі ресми сайтында «Қазақстандағы «белгісіз пневмония» COVID-19 болу мүмкін» деп ақпарат таратқан. Кейін екіжақты түсіндірме арқасында, Орта Азияны сақтық шараларына шақырған хабарламадағы «жалған ақпарат» алынып тасталған. Ол туралы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
«Біз Қытай елшілігі таратқан ақпарат шыға сала елші мен жаңадан тағайындалған Денсаулық сақтау министрі арасындағы телефон сұхбатын ұйымдастырдық. Барлық мәселе бойынша тиісті ақпарат, түсініктеме Қытай тарапына жеткізілді. Нәтижесінде елшілік өзі таратқан ақпаратқа тиісті өзгерістер енгізді», - дейді Ержан Ашықбаев.
Түсіндірме жүргізілгеннен кейін Қытай елшілігі хабарламасына өзгеріс енгізіп, пневмонияға қатысты қолданылған “жаңа” және “белгісіз” деген сөздерді алып тастаған. Бұған қоса, қазір аурудан өлім көп деген мағынадағы сөйлем де жоқ.
Ақпарат жарияланған күні, Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасап, ақпаратты жоққа шығарды.