Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
15 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Финляндия фермасында жануарды жасанды жолмен семірткені анықталды

Финляндия фермасында жануарды жасанды жолмен семірткені анықталды

Финляндия фермасында жануарды жасанды жолмен семірткені анықталды
ашық дереккөзі

 width=

Адам көркі шүберек. Бірақ адамзат сән үшін шектен тыс әрекеттерге барып жатыр. Mnogo.krolikov.ru сайты жариялаған ақ полярлы түлкі итінің фотосы жүрегі бар адамдарға  жан түршігерлік әсер қалдырады.

Финляндиядағы жануарларды қорғау ұйымы сәнді сырт киімдерді өңдеу үшін түлкі тектес итті адам сенсе наңғысыз жолмен қамауда ұстап, семірту фактісін қолданғаны мәлім болды.Әлем бойынша  мамық жүнді жануарлардың терісін заңсыз тасымалдауға, сатуға  көпшілік қарсылығының арқасында тыйым салынған. Соған қарамастан ақша табудың айласын ойлап, жануарлардың жанын қинап құйтырқы іс-әрекеттерге барған фермерлер бар екені анықталды.  width= Бұл заңсыз әрекетті Oikeutta Elaimille жануарларды қорғау ұйымының өкілдері тексеріп, итті қамаудан босатуға жанталаса жұмыс жасап жатыр. Өз нормасына сәйкес 8 кг-ды құрайтын итті екі есе семірткен. Иттің жағдайы өте ауыр. Тыныс алу жолдары зақымданып, қимылы баяулаған. Денесіне жамаған екі есе майы көзін басып кеткен. Жасанды жолмен семірген иттің азабы фермерлерді алаңдатпайды. Оларға тиімдісі осы. Өйткені бір итті семірту арқылы екі итке тән теріні өндіре алады. Негізі  жергілікті фермер қамауда ұстаған ақ полярлы түлкі иті мутантқа ұшыраған жануар. Еркегінің салмағы әрі кетсе 8 кг, ал ұрғашы иттің салмағы 6 кг-ды құрайды. Ал қамаудағы иттің салмағы екі есе көп. Бойының биіктігі 55-65 сантиметрді құрайтын иттің қазіргі салмағы жанын қинайды.  width=