Әлеуметтік желіде PR-ға бөлінген бюджет туралы жаңалық шығып кетті. Онда 696.699.940 теңге деп көрсетілген. Бұл ақшаға не істеуге болады, деп жазды белгілі блогер әрі PR маманы Әлішер Елікбаев.
Оның айтуынша, бұл ақшаға 9,5 жыл бойына күн сайын демалмай және тойлатпай 1 баспасөз конференциясын өткізуге болады.
Ақылы сюжеттерді сатып алуға және жарты жыл бойы КТК-да денсаулық сақтау туралы ақпараттарды жаңалықтардың әрбір шығарылымында беруге болады.
Республиканың 570 базарында 1 ақпараттық билборд ілуге болады. Тоқсан сайынғы жаңартуды ескере отырып (бұл нарықтағы жеңілдіксіз баға).
17 қалада (әр қалада) 1 сағаттан 41 мың промоутерді қоюға болады. Немесе әрбір қазақстандық үшін 69 млн.үнпарақ - 3 үнпарақтан басып шығаруға болады.
2 жыл бойы күн сайын ТенгриНьюс басты бетте фотосуретімен жаңалықты іліп қоюға болады және бұл тек жеңілдік қана...
P.S. Былайша айтқанда, бұл халықаралық компанияның PR-ға арналған 5 жылдық бюджеті, соның ішінде қаржы және салық шығындарын қосқанда.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Денсаулық сақтау министрлігінің 600 млн теңгеден астам ақшаны PR-ға жұмсап жібергені туралы айтылған болатын.