Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
14 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Мұғалім мен оқушы арасындағы лимитсіз тарифтік жоспар жүзеге асады

Мұғалім мен оқушы арасындағы лимитсіз тарифтік жоспар жүзеге асады

Мұғалім мен оқушы арасындағы лимитсіз тарифтік жоспар жүзеге асады
ашық дереккөзі

 width=

Қашықтан оқыту барысында мұғалімдер мен оқушылар арасында лимитсіз қоңырау тарифтік жоспарын ұялы байланыс операторлары дайындау үстінде.

  Үкімет отырысында цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мұғалімдер мен оқушыларға арналған тарифтік жоспарды әзірлеу мәселесімен қатар отандық білім беру ресурстарына лимитсіз қосылуды ұялы байланыс операторларымен бірге қарастырып жатқандығын хабарлады.
«Лимитсіз тарифтік қоңыраулар шалғай ауылдарды қашықтан оқыту форматына өтуге,электрондық қызмет көрсетуге үлкен үлес қосады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қазіргі таңда еліміздің 4649 елді мекені интернетпен жабдықталғанын атап өтті, бұл халықтың 97 пайызын құрайды. Тағы 250 ден астам елді мекендерге радиотехнологиялар арқылы интернет кабелін тарту жобалары жоспарланып отыр.Нәтижесінде халықтың интернетпен қамтамасыз етілу деңгейі 99,3 пайызға жетуі керек»,-деді ведомство басшысы.