Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
14 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Карантин: Тойға барсаңыз 83440 теңге айыппұл төлейсіз

Карантин: Тойға барсаңыз 83440 теңге айыппұл төлейсіз

Карантин: Тойға барсаңыз 83440 теңге айыппұл төлейсіз
ашық дереккөзі

 width=

Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау комитеті той ұйымдастырушылары мен тойға жиналған халыққа да айыппұл салынатынын хабарлады.

 
«Тойхананы жалға бергендер де алғандар де жазаға тартылады. Ең төменгі айыппұл құны 84 мың теңгеге жақын. Айыппұл салынған адамдарға хаттаманы санитарлық қызмет өкілдері мен ішкі істер министрлігі бірлесіп толтырады»,-деді ведомство хабарламасында.
Әкімшілік кодекстің 425-бабы "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі саласы мен гигиеналық талаптарға қатысты заңнама талаптарын бұзу" бойынша тойхана басшылары мен той иегерлері және келген қонақтар заң бойынша хаттама толтырады. Арнайы санитарлық қызмет өкілдері шақырылады. Көрсетілген бап бойынша ең төменгі айыппұл 83440 теңге. Примьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов карантин режимін бұзған адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын қатаң ескерткен болатын. Жеке тұлғалар 30 АЕК-83440 теңге айыппұл төлесе, ал кәсіпкерлер-230 АЕК -638940 теңге немесе оданда көп сомада төлеуі мүмкін.