Айнұр Тұрсынбаева қуанышты жазбасымен бөлісті

Айнұр Тұрсынбаева қуанышты жазбасымен бөлісті

ашық дереккөзі

 width=«Түркиядан аппараттардың алғашқы партиясы түнгі 3.00-те келіп жетті»,- деп қуанышты хабарымен айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева өзінің әлеуметтік желісінде бөлісті.

ЕШҚАНДАЙ ДА ҚОЙМАДА ЖАТҚАН ЖОҚ! ЕШКІМ АРТЫҚ ҚҰЖАТ СҰРАП МАЗАМЫЗДЫ АЛҒАН ЖОҚ!
Бұрын мұндай үлкен жүк әкеліп көрмеген басымыз қайдан білейік, барып ала саламыз деп ойлаппыз....Жұрттың бәрі шырт ұйқыда жатқан соң таңның атуын күттік.. йҚоймаға тығып тастапты, бермей жатыр, биліктегілер тартып алыптый деген жалған ақпарат таратпаңыздар өтініш! Онсыз да толқып тұрған халықтың миын ашытпайық. 24 сағат телефонда отырып көмектесен Тамара Дүйсенова ханымға мың рахмет! Түнімен ұйқтамай жүгіріп жүрген Сыртқы істер вице министрі Ержан Ашықбаев мырзаға және Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға ерекше алғыс! Түнімен әуежайда жүрген Дана Нұржігіт мың жасасын! Мәндениет министрі Ақтоты Райымқұлова ханымның көмегі ерекше болды. Бірлік болмаса тірлік бола ма ағайын?  Бас салып жамандай бермей жақсылардың жақсылығын да айту керекпіз ғой! Сабыр-түбі сары алтын! Осыдан артық не айтайын. Аллаға шүкір таңғы 7-ден Сыртқы Істер Министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігінің жігіттері жүгіріп жүріп барлық құжатымызды реттеп берді. 2 тонна яғни 125 аппараттарды қабылдақ алдық қазір! Қазір еріктілер аппараттарды тиеп алып жатыр. Сәттілік тілеп қойыңыздар! Бірден таратуды бастап кетеміз! Алла жар болсын!

Жүктелуде...