Елімізде коронавирус қалай пайда болды және қалай тарап кетті?

Елімізде коронавирус қалай пайда болды және қалай тарап кетті?

ашық дереккөзі

 width= Елімізде COVI-19 інденті тарап, елді сарсаңға салғанына да жарты жылға жуық уақыт өтті. Қазір елімізде дерттің күн санап өскенін, қайтыс болғандардың да саны артып келе жатқанын байқап отырмыз. Бұл күнге қалай жеттік? Елді тығырыққа тіреген вирустың таралу хронологиясы жайлы Еуразия бірінші арнасына Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды. Жандарбек Бекшин, ҚР мемлекеттік Бас санитар дәрігері: «Біздің болжамымызша, коронавирус ақыры елімізге 11-16 наурыз айларында келуі мүмкін. Бұл тек болжам ғана». 4 ай бұрын Жандарбек Бекшиннің бұл сөзіне қарқ-қарқ күлген жұрт әлі де вирус бар ма, жоқ па деп күмәнданып жүр еді. Желмен күрескен Дон Кихотқа да теңегені бар. Араға үш күн салып, сол кездегі министр Елжан Біртанов шығып, вирус жұқтырған отандастарымыздың барын мәлімдеді. Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі: «Бірнеше рет тексергеннен кейін. Екі қазақстандық азаматында коронавирустық инфекция табылды». Екеуі де Германиядан ұшып келген. Олармен бір ұшақта Алматының бас санитары болғаны да кейін анықталады. Өздері талап қойып, бұзғаны несі деп шуласты жұрт. «Демек, вирус жоқ»  деген пайым одан сайын күш алды. Содан да болар, Алматының денсаулық сақтау басқармасының басшысы салған іздеуге көп ешкім мән бере қоймады. Тілеухан Әбілдаев, Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: «Бүгін біз 64 адамның қырығын таптық. Қырық адамның он бірі оқшаулануда. Қалғандары іздестірілуде» Тағы үш күн өтті. Ақордадан жеткен хабар. Елде тарихта тұңғыш рет төтенше жағдай жарияланды. Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан республикасының президенті: «Осы шаралардың барлығы азаматтардың денсаулығы үшін жасалып отырған өте маңызды қадамдар. Мұны дұрыс түсінесіздер деп ойлаймын. Сақтанғанды құдай сақтайды». Ірі қалаларда блок-бекеттер орнатылып, қозалыс шектелді. Алыс Еуропада ауру өршіп, күніне жүздеп, мыңдап адамдар өліп жатыр деген ақпарт тарап жатқан кез. Біз вирусты менсінбеп едік. Қателігімізді қайталамаңыздар! Үйде болыңыздар! 17 наурызда италиялықтар әзірлеген бейнеүндеу бұл. Вирустың барына көз жеткізуге әлдебіреуге сеп болуы керек еді. Бірақ тойдан тойға баруға үйреніп қалғандар жасырын жиналып, думандатып жүрді. Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі: «Өкінішке қарай, бүгін коронавирустан ауырған бір әйел азамат қайтыс болды. Бұл орны толмас ауыр қаза. Марқұмның жақындарына көңіл айтамыз». «Бәлкім, вирус расымен бар шығар». «Жоқ, қайтыс болған азаматтың басқа ауыр дерті болған». Жұрт арасында осындай пікірталас туды. Ал дәрігерлерде басқа бас ауру. Вируспен күресте алғы шепте жүргендерге уәде етілген үстемеақы берілмей шу шығара бастады. «Қайда біздің ақшамыз? Сонда біз біреудің қалтасына жұмыс істеуіміз керек пе? Жетер енді». Төтенше жағдай аяқталып, блок-бекеттер алына бастады. Бірақ, карантиндік шаралар тоқтамады. Өйткені сәл де болса, статистика өсіп отырды. Дерт жұқтырғандарды симптомды және симптомсыз деп бөле бастады. Елжан Біртановтан да вирус анықталып, ауруханаға жатқызылды. Екі ай ішінде шашы ағарғаны байқалған министр қызметінен босатылып, орнына Алексей Цой тағайныдалды. Кейін екі тармақты қайта біріктіріп, науқастар саны күрт өсіп, әлемдік рейтингтің алғашқы легінен бір-ақ табылдық. «Біз симптомды және симптомсыз науқастарды бір статистика аясында есептеуді жөн санадық. Бұл елдегі нақты жағдайды көруге мүмкіндік береді. Вирус анықталған барлық адам потенциалды қауіпті саналады»,-дейді Денсаулық сақтау министрі А.Цой Ел ішінде әрбіреудің туысы я болмаса жақын танысынан вирус табыла бастап, мерт болғандар көбейді. Алғашқыда супермаркеттерді жайпаған азаматтар жапа-тармағай дәріханаларды жағалай бастады. Ел арасында жеткізуге жауапты «СК Фармация» компаниясы мен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына деген реніш басым. Ақыры оның басшылығы ауысты. Үкіметке жағдайды оңалтуға мүмкіндік берер шара әзірлеуге екі апта уақыт берілді. Онысы әлі біткен жоқ. Өткен жұмада 111 азаматтың көз жұмғаны белгілі болды. Яғни, сағат сайын бір отандасымыздан айырылып отырмыз. Еріксіз әлгі итальяндықтардың «Қателігімізді қайталамаңыздар» деген ескертуі ойға келеді екен. Енді аурудың барына ешкімнің күмәні жоқ. Мәселеде басқада. Ауруханаларда орын, дәріханада дәрі жоқ деген шағымдар желіде көбеюде. Дәріні әдейі, қасқана қоймада тығып отырғаны әшкере болып еді. Содан да баға шарықтап, ел титықтады. Қажетті ем мен құралға ақша жинап өздігінен амалдауға көшті. Жағдайға кім кінәлі екенін өзіңіз бағамдарсыз. Бейқам қараған жұрт па, қауіпсіздік шараларын, дайындық жұмыстарын ақсатқан атқарушы билік пе. https://www.youtube.com/watch?v=QasZN5DZ3ls

Жүктелуде...