Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
14 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Атырау облысында күніне 300 адам COVID-19 індетін жұқтырған

Атырау облысында күніне 300 адам COVID-19 індетін жұқтырған

Атырау облысында күніне 300 адам COVID-19 індетін жұқтырған
ашық дереккөзі

 width=

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша  13 шілде күні елімізде 1856 адам COVID-19 вирусын жұқтырған. Бір тәулікте Шығыс Қазақстан облысынан 225 адамнан анықталды. Соңғы аптаның статистикасы бойынша Атырау облысында күніне 300 адамның вирус жұқтырғандығы мәлім болды. Кеше тағы да 190 адамнан анықталды.

Аймақтар бойынша: Атырау облысы - 8118 (+190 ), Алматы қаласы - 7811(+220), Нұр-Сұлтан қаласы - 6899 (+211), Қарағанды облысы - 6346 (+102), Шымкент қаласы - 4147 (+80), Батыс Қазақстан облысы - 4128 (+138), Шығыс Қазақстан облысы - 3237 (+225), Алматы облысы - 3209 (+79), Ақтөбе облысы - 2349 (+171), Түркістан облысы - 2301 (+59), Жамбыл облысы - 2267 (+78), Маңғыстау облысы - 2073 (+24), Павлодар облысы - 1876 (+73), Қызылорда облысы -1846 (+62), Солтүстік Қазақстан облысы - 1770 (+59), Ақмола облысы - 1727 (+39), Қостанай облысы - 1651 (+46). Пандемия белең алғалы Қазақстанда жалпы саны 61755 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. 34190 адам жазылып шықса, 375 адам құрбан болды. Вирус жұқтырса да өлім себебі басқа 101 адам статистикаға ілікпеген. Індеттен бөлек елімізде пневмониямен ауырып жатқан адамдар саны лезде көбейді. 2020 жыл басталғалы 98546 адам ауырған. Өткен жылға қарағанда 55,4 пайызға көп. Пневмониядан қайтыс болғандар санын күнделікті айтып отырған жоқ. Алайда денсаулық министрлігінің хабарлауынша маусым айында 628 адам, шілде айының басында 453 адамның қайтыс болған.