Әскерилер коронавирус індетінен қаза болғандарды 1 минут үнсіздікпен еске алды

Әскерилер коронавирус індетінен қаза болғандарды 1 минут үнсіздікпен еске алды

ашық дереккөзі

 width=Бүгін елімізде коронавирус инфекциясынан қаза болғандарды аза тұту күні.  Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен сағат 12.00-де бүкіл елде үнсіздік минуты жарияланды. Коронавирус пандемиясының құрбаны болған азаматтарды Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері де еске алды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Қорғаныс министрлігінде, барлық әскери бөлімдер үнсіздік минуты карантин талаптарын қатаң сақтаумен өткізілді. Ұлттық аза тұту күнінде қорғаныс ведомствосының, еліміздің барлық аумақтарындағы әскери бөлімдер мен мекелердің мемлекеттік туы, дәстүр бойынша сағат 8.00-де көтерілетін Әскери-теңіз күштері кемелерінде туы төмен түсірілді. Қаза болғандарды еске алу мен құрметтеу үшін індетпен күреске бей-жай қарамайтын азаматтар қаза тұту белгісін тақты. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері пандемияның алғашқы күнінен бастап отандастарымызға індетті және оның салдарын жоюдағы күресте белсенді көмек көрсетіп келеді.

Жүктелуде...