Асхат Оралов вице-министр болып тағайындалды

Асхат Оралов вице-министр болып тағайындалды

ашық дереккөзі

 width=ҚР Үкіметінің Қаулысымен Асхат Оралов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Асхат Оралов 1990 жылы Павлодар облысында туған. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетін, ҚР СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетін бітірген. 2019 жылдың сәуір айынан қазірге дейін Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2020 жылы Президенттік жастар кадрлық резервіне кірген.

Жүктелуде...