Бүгін жалпыұлттық аза тұту күні

Бүгін жалпыұлттық аза тұту күні

ашық дереккөзі

 width=Бүгін  жалпыұлттық аза тұту күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12:00-де коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланады. Қазақстанда ұлттық аза тұту күнін республика президенті жариялайды. Аза тұту күнін жариялаудың нақты бір талабы жоқ. Шешім оқиға кезінде қабылдануы мүмкін. Әдетте кісі өлімі көп тіркелсе, терактілер мен аса көрнекті қайраткерлер өмірден озғанда, өзге де қайғылы жағдайлар кезінде аза тұту күні жарияланады. Аза тұту күні бір күннен бірнеше күнге созылуы мүмкін. Қазақстанда аза тұту күні мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, шекаралық дипломатиялық мекемелердің ғимараттарындағы Мемлекеттік ту төмен түсіріледі. Көңіл көтеретін шаралар мен телебағдарламалар тоқтатылады. Еске сала кетсек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Newsroom+Ақпарат агенттігі және редакция әкімшілігі пандемия кезінде коронавирус індетінен қаза болған барлық отбасына қайғыра көңіл айтады. 

Жүктелуде...